Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Ақтөбеде жылқы кәріз құдығына түсіп кетті

2019 жылдың 15 қазан 2019 12:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қазан күні сағат 20:05-те Ақжар ауылының Құмжол бау-бақша ұжымы маңында кәріз құдығына жылқы түсіп кетті. Оқиға орнына 6 адам 2 техника жіберілді. Құтқарушылар құдыққа түскен жылқыны шығарып алды», - деп хабарлады облыстық ТДЖ баспасөз қызметі. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі мен авариялық-құтқару жасағы жұмыс істеді. Жылқының иесі белгісіз.










Жоғары қарай