Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп директоры өлі күйінде табылды

2018 жылдың 9 қазан 2018 16:45 354

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалып кеткен директор мен оның досының мәйіті шаруашылықтың су қоймасынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі адамның да мүрдесі табылды. Ауылда байланыс жоқ. Сондықтан нақты ақпарат бере алмаймын. Төтенше жағдайлар қызметі су плотинасында жүр», - деді ТЖД судан құтқару қызметінің жетекшісі Оксана Кичигина.

Еске салсақ, 6 қазан күні бір топ адам балық аулауға шығып, су ортасына қайықпен барған екі адам хабарсыз кеткен. Бүгін іздеу жұмыстарын сүңгуірлер жүргізді

Жоғары қарай