Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақтөбеде жас ұшқыштар мектебі 50 жылдығын атап өтті

2019 жылдың 28 қазан 2019 20:07

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тарихи жас ұшқыштар мектебі 50 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорңғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жүзге жуық жас ұшқыштар мектебінің түлектері ТМД-ның жан- жағынан аспанға саяхат сыйлаған мектепті жарты ғасырлық мерейтойымен құттықтауға келді. Олардың ішінде Ресей Федерациясының екі батыры космонавт Юрий Лончаков және сынақ ұшқыш Вячеслав Крицкий бар.




Ақтөбедегі жас ұшқыштар мектебі 1969 жылдан бері істеп келеді. Аты аңызға Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуынан кейін аталмыш мектептер мемлекеттің барлық жерлерінде ашылып, балалардың авиация мен ғарышқа деген қызығушылығын арттыра түсті.

Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында жас ұшқыштар мектебінің тәрбиеленушілері авиация тарихын, тактиканы, авиатехниканы, аэродинамиканы, әуе навигациясын, авиациялық метеорологияны, радиотелеграфтық азбуканы, авиациялық психология мен жарғыларды зерттейді, физикалық, саптық және атыс дайындығын меңгереді. Мектеп өзінің Виктор Сляктин, Олег Коженков, Василий Удод және басқа да оқытушылар құрамымен танымал.




Сабақтардың басты мақсаты - балаларға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға, елін қорғауға деген патриоттық сезімді күшейту.

Мектептің 1 400 түлегінің ішінде барлығы өзінің өмірін авиациямен байланыстырмаған, олардың ішінде танымал заңгерлер, экономистер, бизнесмендер, дәрігерлер, журналистер бар, бірақ түлектердің көпшілігі ұшып көрген.

Олардың ішінде – Ресей батыры Юрий Лончаков, сынаушы-ұшқыш Вячеслав Крицкий, үкімет ұшағының ұшқышы Мақсат Алтынбаев, Әуе қорғаныс күштері Әскери институты эскадрилья командирі Талғат Тұрғамбаев және басқалар. Қазіргі Әуе қорғаныс күштері Әскери институты курсанттарының арасында ақтөбелік жас ұшқыштар мектебінің 20 түлегі бар, ал 10 оқуын жалғастыруда.

Виктор Пацаев атындағы жас ұшқыштар мектебінің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа авиация, ұшу-техникалық тәртіп бойынша бастапқа білім беру.

Александр Курбанов аталмыш білім ордасының негізін қалаушы жас ұшқыштар мектебін қырық жеті жыл шамасында басқарған. 1916 жылы ол өз өкілеттігін құрды. Директор болып Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында 16 жыл педагогикалық өтілі бар запастағы полковник Болат Қайпанов, ал оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып запастағы полковник Мұхтар Нұрмұхамедов тағайындалды. Зертхана бастығынан әскери ұшу институтының кафедра бастығына дейін болған полковник Қайпановтың тәжірибесі мектепті тиісті деңгейде ұстап қана қоймай, оқу бағдарламасына жаңа, инновациялық әдістерді енгізуге де көмектеседі.










Жоғары қарай