Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Ақтөбеде жанып кеткен үйдің ішінен екі адамның денесі табылды

2019 жылдың 20 сәуір 2019 17:42 648

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылында жеке үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 11:24-те өрт сөндірушілерге Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылында жер үйдің отқа оранғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына 4 көлік пен 16 адам жіберілді.

«Ең жақын өрт сөндіру бекеті 22 шақырым қашықтықта болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына арада 20 минут өткенде жетті. Ол кезде үйдің негізгі бөлігі түгел жанып кеткен болатын. Өрт 12:19-да толық сөндірілді. Үйден 1943 жылы туған Елена Саквина мен 1963 жылы туған Сергей Саквиннің денесі табылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала белгілі болғаны - өрт абайсызда тұтанған, яғни, төсекте жатып, темекі шеккеннен шыққан. Айта кетейік, оқиға орнына газ қызметі, электр желісінің жұмысшылары мен полиция, апатты медицина қызметі барды.

 

 

Жоғары қарай