Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақтөбеде ұялы телефон салонына қарақшылық шабуыл жасалды

2019 жылдың 18 маусым 2019 17:05

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі адам ұялы телефон салонына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 09:20-да Ақтөбе қаласының Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан ұялы телефон дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз екі адамның бірі медициналық бетперде киіп, екіншісі бас киіммен жүрген. Біреуі пышақпен, екіншісі тапаншаға ұқсас қарумен келіп, дүкен қызметкерлерін қорқытып, ұялы телефондарды алып кеткен.


null

«Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жұмылдырылды. Алынған бағыттамаға сай жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жүрген жері анықталды. Екі сағат ішінде «Мәдение» сауда үйі маңындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан «Датсун» маркалы авткөлігі тоқтатылды. Көлікте 20 және 22 жас шамасындағы екі жігіт болды. Көліктің жүк салғышынан 43 дана IРhone маркалы ұялы телефон тәркіленді. Сонымен қатар, газ тапаншасы мен пышақ табылды. Күдіктілер қамауға алынды», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


null

Айта кетейік қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші, яғни «Тонау» бабымен сот алды тергеу амалдары басталды.


null


null

Жоғары қарай