Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Ақтөбеде ұрланған көлікті мініп кеткен адам дүкен мен букмекерлік кеңсені тонаған

2019 жылдың 20 маусым 2019 01:10 704

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі бұрын ұрланған көлік бүгін қала ішінен табылды. Оны жүргізген адам азық-түлік дүкені мен букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-патрульдік полиция қызметі Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінен «Опель» маркалы көліктің қарсы бағытқа шығып кеткенін анықтады. Жол ережесін бұзған көліктің екі күн бойы іздеуде болғаны белгілі болды.

«Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болды. Алайда полиция қызметкерлері ұстап, №3 Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тергеу кезінде күдіктінің екі қарақшылық шабуылға қатысы бар екені анықталды. Яғни, 23 мамыр күні сағат түнгі 3 шамасында азық-түлік дүкеніне барып, сатушыны қорқытып, 133 мың теңге ақша мен бірнеше қорап темекіні алып кеткен. Ал 11 маусым күні сағат 9:00-де «Мәскеу» букмекерлік кеңсесіне барып, жұмысшыларды пышақпен қорқытып, 100 мың теңге және екі ұялы телефонда алып кетті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, осы деректер бойынша сот алды тергеу басталып, күдікті қамауға алынды. Ал облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қанат Әлиев күдіктіні ұстап алған жол-патрульдік қызметкерлерін марапаттап, Қазақстан полициясы күнімен құттықтады.

Жоғары қарай