Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Ақтөбеде тұрғын үйге жауапты шенеунік сот залынан ақталып шықты

2020 жылдың 19 ақпан 2020 16:46

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жанаргүл Дүйсекенова мен бұрын халыққа қызмет көрсету қызметінде жұмыс істеген Гүлайым Нұрмұхановаға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жанаргүл Дүйсекенова мен Гүлайым Нұрмұхановаға 50-ге жуық адамнан 100 миллион теңге шамасында ақшаны алаяқтық жолмен алғаны үшін айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, Гүлайым Нұрмұханова мен Жанаргүл Дүйсекенова қызмет барысында танысып, 2014-2015 жылдары аралығында Ж.Дүйсекенова Г.Нұрмұханованы бас маман болып жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл қызметке тұруға 2 миллион теңге сұраған. Әрі Батыс-2 ауданынан мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 бөлмелі пәтер алуға болатынын айтқан. Жәбірленушілер арасында баспана кезегінде тұрғандар мен кезекке ілікпегендер де бар. Медицина қызметкері, жұмыссыздар бен саудагер, кәсіпкерлер де миллиондап ақша берген.

«Қылмыс орны мен уақыты анықталмауына байланысты Жанаргүл Дүйсекенова Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша кінәсіз деп танылсын. Гүлайым Нұрмұханова Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын», - деді судья Е.Әбдіхалықов. Гүлайым Нұрмұханова жәбірленушілерге материалдық шығын өтейді.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Жанаргүл Дүйсекенованы - 7, Гүлайым Нұрмұханованы 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ


Жоғары қарай