Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Ақтөбеде Тәжікстан азаматтары мінген автобус аударылып қалды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 01:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Қарабұтақ ауылы маңында жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 ақпан күні сағат 20:00-де Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде «Икарус» маркалы автобусы жолдан шығып, аударылып қалды. Шымкент қаласынан Ресейге бағыт алған автобуста Тәжікстан азаматтары болды.

«Автобус салонында 48 адам болды. Оның үшеуі жүргізуші, қалғаны жолаушы. Жолаушылардың бәрі Тәжікстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алған ешкім жоқ. Жолаушыларды патрульдік полиция мен төтенше жағдайлар қызметі кемпингке жеткізді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол ережелерін сақтауды, жол-метеорологиялық жағдайын ескеруді сұрайды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Жоғары қарай