Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Ақтөбеде «SMART сот» пен «Түнгі сот» пилоттық жобасы нәтижелі іске асты

2019 жылдың 22 шілде 2019 19:02

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла жартыжылдықты қорытындылап, пилоттық жобалардың тиімділігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының соттары 1048 адамға қатысты 949 қылмыстық істі қарады. Оның ішінде 653 адамға қатысты 592 үкім шығарылды. Биыл 17 адам ақталып шықты. Ал сотталғандардың 24,6% бас бостандығынан айырылды.

«Өткен жылдың 6 айында облыс соттары электронды түрде 3, биыл 126 қылмыстық істі қарады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстың судьялары 1112 өтінішті қараған. 2019 жылдың 6 айында апелляциялық тәртіппен 177 іс келіп түсті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 40 іске аз. Барлығы есептік кезеңде облыс соттары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде 13 532 істі аяқтады, 2018 жылдың сәйкес кезеңінде 20 461 іс қаралған болатын. Істер санының азаюы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы Заңының қабылдануына байланысты тіркеліп отыр», - деді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла.

Айта кетейік, 2019 жылдың 6 айында облыс соттары 12 233 әкімшілік істі қарап, 205 іс татуласумен аяқталды. Облыс соттарында бірқатар пилоттық жобалар да іске асты. Мәселен, «SMART сот» жобасы аясында 543 іс, «Түнгі соттар» 916 әкімшілік істі қарады. «Отбасылық соттар» бітімгершілік арқылы 567 істі аяқтаса, «Соттағы татуласу рәсімдері» жобасының шеңберінде облыс соттары 1895 істің нәтижесін шығарды. Сонымен қатар, өңірдің аудандық соттарында «Соттан тыс татуластыру рәсімдері» жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Оның көмегімен дауды сотқа дейін реттеу туралы 149 келісім жасалды.

Жоғары қарай