Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Ақтөбеде шенеунік ҰБТ нәтижесін жақсарту үшін ақша жинаған

2019 жылдың 24 маусым 2019 13:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары мен Қандағаш ауылындағы мектеп директорына пара беруге итермеледі деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктілер Мұғалжар ауданындағы білім беру мекемелерінің басшыларын ҚР Білім және ғылым министрілігінен келген комиссия өкілдерінің мейрамханаларда тамақтану және қонақүйде тұру ақысын төлеуге итермелеген. Соның нәтижесінде ауданның ҰБТ нәтижелерін жоғары бағалатуға тырысқан.

«2019 жылдың 20 маусымында аталған екі тұлға бір мектеп директоры арқылы Ембі қаласындағы 7 білім мекемесінен жиналған 540 мың теңгені алған. Күдіктілер қылмыстарын толық мойындауына байланысты қамау процессуалдық қамау жүргізілген жоқ. Терсеру жүріп жатыр», - делінген департамент ақпаратында.

Жоғары қарай