Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 342.49
EUR 400.85
RUB 5.51
CNY 51.33

Ақтөбеде пышақ жарақатынан көз жұмған мектеп түлегінің кім екені анықталды

2018 жылдың 19 маусым 2018 20:28 765

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектеп түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды. Азат Дүсіпов емтихан тапсырып, ҰБТ-ға дайындалып жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы қайлығы оқиға Тургенев көшесінде болды.

Пышақ жарақатын алған Ақтөбе қаласындағы физика-математика мектеп-интернатының түлегі қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал қаза болған Азат Дүсіповтың ата-анасы баласының денесін ауылға алып кеткен.

Азат Дүсіпов №19 мектепті бітірді. Мектеп түлегінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жазбалары сақталған. Ол: «Осымен 11 жыл өтті де кетті. ЕНТ. Күт 140 бал» деп жазба қалдырған. Ал өзге суретте мектеп түлегінің достары мен туыстары көңіл айтып, өзіне көп нәрсе айтып үлгермегендігін еске алған.

Айта кетейік, облыстық ІІД оқиғаны растағанымен, ақпаратты қай уақытта беретіндерін нақтыламады.

 

 

Жоғары қарай