Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақтөбеде Өзбекстан азаматтары мінген көлік аударылып, бір адам көз жұмды

2019 жылдың 22 тамыз 2019 13:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Фольксваген Поло» көлігін жүргізген Өзбекстан азаматы рөлге ие бола алмай аударылып қалды. Төрт адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 07:15-те болды. «Фольксваген Поло» көлігінің жүргізушісі Қостанай қаласынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, Әйтеке би ауданының Әйке ауылынан 4 шақырым қашықтықта аударылып қалды. 40 жастағы жүргізуші көлік рөлге ие бола алмай қалған.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде төрт адам, оның ішінде бір бала жарақат алды. Зардап шеккендердің бәрі түрлі дене жарақатымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Әйтеке би аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрсейіт Кішкентаевтың айтуынша, зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмған.

«Бірінің басына қан құйылып, қайтыс болды. Өзгелері де жабық бас-ми жарақатын алған. Барлық үш науқастың жағдайы орташа ауыр. Кәмелетке толмаған қыздың да бас-миы шайқалған. Бәрі тиісті ем алуда, дәрігерлердің бақылауында», - деді дәрігер Нұрсейіт Кішкентаев.

Жоғары қарай