Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақтөбеде оқушылар мінген автобус аударылып қалды

2019 жылдың 5 қазан 2019 14:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласы маңында балалар мінген автобус аударылып, жедел жәрдем шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық денсақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама сағат 11:01-те түскен. Жедел жәрдемнің 7 бригадасы оқиға орнына жетіп, барлығы 19 адамды ауруханаға апарды.




«Солтүстік айналма жолда, яғни, Родниковка ауылы трассасында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалған. Зардап шеккендердің бәрі сағат 11:10-да ауруханаға жеткізілді. Ауыр жараланған ешкім жоқ. Олар жедел жәрдем ауруханасына, балалар ауруханасы мен облыстық медицина орталығына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір ауруханада облыс басшылығы мен полиция департаментінің өкілдері жүр.




Жоғары қарай