Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Ақтөбеде оқушы өлімінен соң полиция бастығы ата-аналармен жиналыс өткізді

2019 жылдың 15 қараша 2019 00:56

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов ата-аналар мен мектеп инспекторларын жинап, тәрбие мәселесін қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп директорлары, ата-аналар мен полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмысты талқылады. Облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов бір-біріне хабар беріп, балалар тәрбиесінде ақылдаса отырып шешім қабылдауға шақырды.

«Бұл тек полиция қызметкерлерінің ғана жұмысы емес. Ата-аналар бейқам жүр. Соңғы оқиғада ата-ана үй ауласында тұрған көлікті кәмелет жасқа толмаған баласының айдап кеткенін көрмей қалды. Сонымен қатар жол-көлік оқиғасы алаңдатып отыр. Барлығы 134 көлік оқиғасы кезінде жасөспірім зардап шеккен болса, алтауы көз жұмды», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетовтың айтуынша, облыста жасөспірімдер 112 қылмыс жасаған. Оның үшеуі адам өлтірді.

«Денсаулыққа ауыр және орта дәрежеде зиян келтірген 7, ұрлықтың 37, алаяқтық 6, бопсалау біреу, бұзақылық 17 дерек. Қылмыс жасағандардың 28-і мектеп оқушысы, 63-і колледж, 4-і ЖОО студенті», - деді Ардана Саймағамбетов. Оның айтуынша, қылмыс жасағандардың 52 пайызы жағдайы жақсы отбасында тәрбиеленген. Көбі бұрын қылмыс жасамаған.

«Облыста кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 111 мектеп инспекторы бар. Олар 442 білім беру мекемесін бақылайды. Бір инспекторға үш мектептен келіп тұр. Тағы 125 инспектор қажет», - деді Ардана Саймағамбетов.

Айта кетейік, Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды.

Жоғары қарай