Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру лагері ашылды

2018 жылдың 31 мамыр 2018 18:24

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Бестамақ ауылында сауықтыру лагері ашылды. Жыл бойы жұмыс істейтін лагерьде мүгедек балалармен қатар дені сау балалар да демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар жыл бойы үздіксіз ем алып, денсаулығын оңалтады. Ал мектеп оқушылары демалыс кездері тынығады. Бұл мүгедек балалардың құрбы-құрдастарымен қатар өсуіне жасалған мүмкіндік. Әрі он екі мүшесі сау балалар өз еркімен жүре алмайтын, аса көп күтімді қажет ететін балаларды көріп, қоғамға бейімделіп өседі.

«1964 жылы салынған ғимарат қайта жөнделіп, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған лагерь ашылды. Лагерьде 4 корпус бар. Жыл бойы үзіліссіз жұмыс істейтін лагерьдің инженерлік инфрақұрылымы толық жаңартылып, жабдықталды. Айына екі рет бала қабылданады. Мәселен, туа бітті сал ауруына шалдыққан балалар ата-аналарымен бірге демалады. Алдағы уақытта педагогикалық, медициналық оқу орындарында білім алып жүрген студенттер тәжірибеден өтеді», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.




null

Лагерьде клуб, амфитеатр бар. Дәрігерлік бекет те орналасқан. Биыл бұл лагерь 107 баланы қабылдай алады. Әр маусым сайын сал ауруына шалдыққан 12-15 бала келіп, ем қабылдайды. «Келер жылы 350 бала демалып, емделеді. Бұл жерде ерекше күтімді қажет ететін балалар мен қарапайым балалар бірге демалады. Бұл жердің табиғаты жақсы әрі Есет батыр кесенесі жанында орналасқан. Мұнда иппотерапия болады. Әрі жабық бассейн жасалады», - деді Ләззат Оразбаева.

Еліміздегі алғашқы сауықтыру лагерінің ашылуына Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әлдіқалықова қатысты.



null

«БҰҰ-ның мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, қорғау туралы конвенциясы бар. Қазақстан соған қол қойып, жоспарлы түрде әртүрлі іс-шара өткізіліп жатыр. Арнаулы заңдар қабылданып, стандарттар белгіленді. Ерекше балаларға арналған лагерь бірінші рет Ақтөбеде іске қосылып жатыр. Бұл орталық жыл бойы жұмыс істейді. Көргеніміздей, барлық жағдай жасалған. Тамақтандыру, физиотерапия, иппотерапия, ата-аналар мен балалардың бірге демалу алаңы, психолог қызметі бар. Мүгедек балаларды емдеуді ерте қолға алатын болсақ, олар қоғамға жақсы денсаулықпен оралады деген үмітіміз бар. Осындай орталықтар республикамыздың барлық жерінде болуы керек», - деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова.




null


null

Жоғары қарай