Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақтөбеде мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді

2019 жылдың 23 мамыр 2019 14:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №62 орта мектепке Бауыржан Момышұлының есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет қаулысына сәйкес, Ақтөбеде 5 мектепке батырлар мен қоғам қайраткерлерінің есімі берілді. Бүгін №62 орта мектепте «Менің төрешілерім - уақыт пен халық» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға Ақтөбе қаласы әкімдігінің өкілдері, тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлының өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін атап өтті.

Кейін Б.Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова батырдың мінез-құлқы ерекшеліктеріне, саналы өміріне тоқталды. Естеліктерімен бөлісіп, өмірінің есте қалатын сәттерінен мысалдар келтірді.



null

Ақтөбе қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Ұзақбай Құлымбетов, Жұмабек Тәшенов есімдері № 66, 63, 64, 68 орта мектептерге берілді.




null

Жоғары қарай