Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Ақтөбеде мектеп директорларынан кейін бас дәрігерлер жайлы кабинеттерін босатады

2019 жылдың 4 сәуір 2019 19:19 723

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп директорлары бірінші қабатқа түсіп, шағын кабинеттерге орналасты. Енді мемлекеттік мекеме басшылары мен бас дәрігерлер төменгі қабаттан орын іздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында мектеп директорлары оқушыларға кабинетін босатып беріп, өздері төменгі қабатқа орналасып жатыр. Қазіргі уақытта 399 мектеп директорының 279-ы кабинетін оқушыларға беріп, келуші тез табатын орындарға жайғасты. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловатың айтуынша, мектептермен қатар колледж директорлары әйнектен жасауған кабинеттерде отыратын болады.

«Мектеп директорларынан кейін мемлекеттік мекеме басшылары мен аурухана, емханалардың бас дәрігерлері халыққа жақын отырады», - деді Олжас Смағұлов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мектеп директорларының 80-і дербес жауапкершілік келісімін жасады. Егер мұғалімдердің бірі сыбайлас жемқорлыққа жол берсе, директор да оған жауапты. Қазіргі уақытта облыс бойынша 259 мемлекеттік мекеме басшысы осы келісімге қол қойған.

 

 

Жоғары қарай