Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53

Ақтөбеде қарсы бетке шығып, көлікпен соқтығысқан тергеушінің ісі сотқа жіберілді

2018 жылдың 17 сәуір 2018 17:24 1027

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкері жолдың қарсы бетіне шығып, жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Оқиғаны бейнекамераға түсірген қала тұрғыны қызметкерді жазалауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметкері жол-көлік оқиғасына себепкер болып, қала тұрғыны оны бейнекамераға түсіріп алды. Тіпті, хаттама толтырып, әділ жазалауды сұрады. Бейнематериалда жәбірленуші тарап «күдіктінің көліктен шығуын, дер кезінде оның ішімдік ішкен, ішпегенін анықтауды» талап етті. Тергеуші кешірім сұрамаған. Камераға түсірген адам оның ішімдік ішкенін де қайталады. Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы мен Шәмші Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған оқиғаға шын мәнінде полиция қызметкері кінәлі болып шықты.

Добрый вечер ! Опубликуете информацию о том что 07.04.2018 г по адресу Абулхай хана и пересечение Калдаякова произошло ДТП по вине Айдангалиев Алмас который являлся сотрудником заводского отделение (следователи)и на тот момент был не трезвом состояние за рулем , возможно когда он прочитает этот пост может тогда у него появится чувства вины , даже не осознал свою вину также не попросил извенение .

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 15 Апр 2018 в 3:41 PDT

«7 сәуір күні сағат 9:35-тер шамасында Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы, Зауыт полиция бөлімінің тергеушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Тойота Камри» көлігімен түйісті. Ол жұмыстан тыс уақытта өзінің «Ровер» маркалы жеке көлігімен жүрген. Жол-көлік оқиғасы кезінде екі көлік те зақымданды. Іс әкімшілік сотқа жіберілді. Ал полиция қызметкерін тәртіптік жауапқа тарту мәселесі стационарлық емнен соң белгілі болады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

 

 

Жоғары қарай