Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Ақтөбеде ешкі сүтінен айран ұйытыла бастады

2019 жылдың 11 шілде 2019 00:47 345

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының маңындағы «Шекшек ата» шаруа қожалығы ешкі сүтінен айран шығара бастады. Бұған дейін ешкі сүтін ашытып, қымыз өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ешкі өсіретін шаруашылық 2016 жылы өз жұмысын бастаған. Қазір мұнда 250 бас ешкі бар.

«Күніне 100 литрге дейін сүт алынып, цехта өңделіп, қымыз, ірімшік, құрт, айран дайындалады. Сүті дәруменді болуы үшін шаруашылықта жоңышқа, қызылша өсіріліп, малға беріледі. Барлығы 17 адам жұмыспен қамтылған.Шаруашылықта  4 тоннаға дейін сүт сақтайтын танкерлер, сүтті залалсыздандыратын екі аппарат және ет өңдейтін цех бар. Жақында ешкі сүтінен айран шығара бастадық. Ешкі сүтінен жасалған, майы алынбаған, қоспасы жоқ таза өнімге сұраныс болатынына сенеміз», - дейді сату ісінің менеджері Мағауия Нұрданқызы. 

Бүгін шаруашылық жұмысшыларына «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы айтылды. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламада шағын және орта бизнесті дамыту үшін қаржы қолжетімділігін арттыру жайын жеткізді.



null


null

null

 

 

 

Жоғары қарай