Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ақтөбеде ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған түзеу орталығы ашылды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 22:19

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 180 орынға арналған №2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңалту орталығында аутизм дертіне шалдыққан, психикалық дамуы тежелген, даун синдромымен білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар қабылданады. Мұнда балалардың дамуына барлық жағдай қарастырылған. Сенсорлық бөлме, тифлопедагог, сурдопедагог, музыкалық бөлме, жаттығу залдары бар.








«Дертке шалдыққан сәбилерімізге көмек көрсету басты парызымыз. Балаларды оңалту, түзету қоғамдағы үлкен проблемалардың бірі болып отыр. Орталық болашақта балаларымызға үлкен дем береді деп сенемін», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.
Мұнда кәмелет жасқа толмаған балалар қабылданады.











«Қазір аудандарда 13 түзету кабинеті жұмыс істеп тұр. Ақтөбе қаласында ерекше күтімді қажет ететін бала көп болған соң тағы біреуі толық жабдықталып, қолданысқа берілді. Педагогтар жеткілікті. Олар бірнеше оңалту орталығында еңбек етеді. Әрі жоғары оқу орны мен білім беру мекемелері арасындағы келісім аясында дефектологтар сұранысқа сай дайындалып жатыр», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында психологиялық-педагогикалық түзеу орталығы алғаш рет 2015 жылы 80 орындық болып ашылған болатын. Қазір онда 127 бала ем қабылдайды. Балалар саны артып, қажеттілік туындағандықтан екінші кабинет пайдалануға берілді. Қазір облыста ерекше күтімді қажет ететін 6370 бала бар, оның ішінде 4200-ден астамы Ақтөбе қаласында тіркелген.








Жоғары қарай