Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

Ақтөбеде даладан табылған балалар биікке өрмелеп шығып алады

2017 жылдың 12 қазан 2017 22:31 581

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы көпірлердің бірінде табылған балалардың денсаулығында кінәрат жоқ. Балалар өте белсенді, кейде терезе мен шкаф үстіне өрмелеп кетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының Заречный елді мекеніндегі көпір маңынан табылған балалардың үлкені ештеңеге алаңдамайды, ал кішкентай қыз анасын сағынады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1,5 және 2 жастағы ұл мен қыз үлкендердің қадағалауынсыз далада жүрген. Оны тұрғындар кезіктіріп, полицияға тапсырды. 

«Балалардың ата-анасы, туыстары хабарласпады. Дегенмен олардың жағдайы, көңіл-күйлері жақсы. Олар бейімделу кезеңінен өтті. Дәрігерлер тексерді, денсаулықтары өте жақсы деген қорытынды жасалды. Топта ойнап жүр. Үлкен ұл балалармен жақсы араласты, кішкентай қыз анасын сағынады», - деді «Үміт» сәбилер үйіндегі әлеуметтік педагог Жанна Тастанова.

Балалармен психологтар да жұмыс істеп жатыр. Мамандар аса белсенді, кез келген жерге өрмелеп шығатын балаларға алаңдаулы.

«Балалар осы күнге дейін далада жүрген сияқты әсер қалдырады. Олар биік шкафтың үстіне, терезеге өрмелеп шығып кетеді. Мінез-құлықтары тұрақсыз, тез ашуланып, тез күледі. Екеуін бір-біріне көрсеткен кезде өздерінің жақын екендерін біледі», - деді психолог Эльмира Даниярова.

Қазіргі кезде даладан табылған балалардың анасын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция жасы 20-дағы Алға ауданының тұрғынын әлі таппады. 

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай