Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ақтөбеде бизнесті қолдауға 35 миллиард теңге жұмсалады

2020 жылдың 20 ақпан 2020 07:31

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Биыл шағын және орта бизнесті қолдау үшін 35 млрд теңге қарастырылады. Барлығы 2 мың бизнес субъектісіне қолдау көрсету жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,6% артты. Қазір 60 мыңға жетіп отыр. «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» шағын несиелеу, ЕҚҚДБ қаржылық емес қолдау бағдарламалары аясында биыл 35 млрд теңге қарастырылып, осы қаржы аясында кемінде 2 мың бизнес субъектісін қолдау жоспарлануда.




«Қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі саласы жақсы дамып келеді. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар аясында балалар мен ересектерге арналған заманауи стоматология кабинеті ашылды. 2016 жылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2025« мемлекеттік бағдарламасы аясында несие пайызын төмендетуге және кепілдік алуға мүмкіндік берілді. Ал фитнес орталығы кардиозалға арналған жабдықтарды сатып алу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізу мақсатында 2013 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие желісін рәсімдеді. 2019 жылы компания өз қызметін кеңейтті. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылдық үстемеақысы 6% несие берілді», - деді Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқарма басшысы Қайрат Райымқұлов.

Баспасөз туры кезінде дәмхана, наубайхана жұмысы таныстырылды.

«Көліктің қосалқы бөлшектеріне, доңғалақтарына арналған дүкен де мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. 2017 жылы наубайхана иесі «БЖК - 2025» бағдарламасы аясында ғимарат сатып алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді.




ЕҚҚДБ қолдауымен кәсіпкерлер бизнесті жүйелі басқаруды енгізді, мақсатты аудиторияны анықтады, жаңа бренд жасады, маркетингтік талдау жүргізді, бизнес-процестерді автоматтандырды, - деп атап өтті Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі Айбек Оразбаев.





Жоғары қарай