Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ақтөбеде баспасөз хатшысы судья болды

2019 жылдың 15 қазан 2019 21:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла облыстың сот корпусына жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына Илиада Досова тағайындалды. Ол бұған дейін бірнеше жыл бойы облыстық соттың баспасөз хатшысы қызметін атқарған болатын. Сонымен қатар бұл қызметке Мереке Сабырбаева, Ақтөбе қаласының №2 сотына Сандуғаш Избағамбетова, Саяь Ташымбаев және Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотының төрағасы қызметіне Жанас Қуанышев тағайындалды. Облыстың аудандық соттары жаңа кадрлармен толықты. Сондай-ақ, осы Жарлықпен Мұғалжар аудандық сотының судьялары лауазымына Ұлболсын Айтжанова, Рамазан Құстанов және Шалқар аудандық сотының судьясы лауазымына Дархан Исабек тағайындалды.







Жаңадан тағайындалған судьялар өз міндеттерін әділ және адал ниетпен орындауға, сот төрелігін жүзеге асыруға, тек Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңына бағынуға, сот міндетінің тапсырысы бойынша бейтарапты және әділ болуға салтаннаты түрде ант берді.

«Барлық лауазымға тағайындалған судялардың сот, құқық қорғау органдарында және жеке заңгерлік практикасында айтарлықтай тәжірибесі бар. Сонымен қатар, олар соттардың біліктілік деңгейін тексеру аттестациясын жақсы тапсырып, комиссия мүшелері бұл мамандардың теориялық және практикалық біліктілігін атап өткен болатын.Облыстық сот төрағасы Сәкен Абдолла сот төрелігін жүзеге асыруда заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, мемлекет игілігі үшін жұмыс жасауда жаңа қызметіне сәттілік тіледі.




Іс-шара соңында облыстық сот төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларға Судьялық әдеп кодексін табыстай отырып, әр жас судьяны жеке қабылдады.Облыстық сот қызметін жаңадан бастаған әріптестері үшін семинар сабақтарын тұрақты түрде өткізеді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жоғары қарай