Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Ақтөбеде Әйтеке би және Ырғыз аудандарының әкімдері тағайындалды

2019 жылдың 4 шілде 2019 17:43 993

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде аудан әкімдерін тағайындау жалғасып жатыр. Тағы екі ауданға жаңа әкімі таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданының әкімі лауазымына Елеусізов Мәди Қанатбайұлын, Ырғыз ауданының әкімі қызметіне Шахин Аққанат Әлішбекұлын тағайындады. 

"43 жастағы Мәди Елеусізов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, Ресей кеден академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласы «Южбозой» АҚ-да экономист қызметінен бастаған. Ақтөбе облысы Кедендік бақылау басқармасының кедендік режимдерді бақылау бөлімінің инспекторы, Ақтөбе облысы бойынша Қобда кедендік бақылау басқармасының басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысы, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.


null  

Ал Аққанат Шахин 1961 жылы туған. Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының түлегі. Ырғыз аудандық азаматтық қорғаныс штабының басшысы, Ырғыз ауданындағы «Шебер», «Ырғыз»  шағын кәсіпорындары  басшысының орынбасары қызметтерін, Ырғыз аудандық әкімдігі аппаратының басшысы және Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.


null 

"Аймақ басшысы тағайындалған әкімдерге ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеріп, Президент тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыруды, халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, жұмыссыздықпен күресті күшейтуді тапсырды", -деп хабарлады баспасөз қызметі.


null 

null 

Айта кетейік, осы аптада Ақтөбеде бес ауданның әкімі тағайындалды.

 

 

Жоғары қарай