Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Ақтөбеде әйелдер арасындағы суицид азайды

2019 жылдың 22 шілде 2019 17:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе полициясы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік полицейлер әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жұмыстарын қортындылады. Жыл басынан бері әйелдерге қатысты 2 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған.

«Әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың 18,8% мүліктік сипатқа ие. Саралай келе жұмыс істемейтін ер адамдар ішімдік ішіп, отбасында жиі жанжал ұйымдастыратыны анықталды. Тұрақты жұмысы жоқ адамдар да осы санатқа қосылған. Учаскелік полиция инспекторлары тұрмыс барысындағы құқықбұзушылықтарды тіркеп, 1200-ге жуық тұрғынды әкімшілік жауапқа тартты. Тағы бір айта кетерлігі, биыл бірінші жартыжылдықта әйелдер арасындағы суицид фактісі 50,8% төмендеген», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының жоспарына сай жыл басынан бері «Тұрмыс», «Жайлау» және «Халықаралық отбасы күні» аясында алдын алу іс-шаралары өткізілді. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, олардың құқықтарының сақталуы, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Халықтық кеңсе ғимаратында, дағдарыс орталықтары мен Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әйел азаматтарға қабылдау өткізіліп, оларға кеңестер берілді.


Жоғары қарай