Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақтөбеде ауаны ластаған 70 кәсіпорынның жұмысы уақытша тоқтатылды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 20:41 815

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық экология департаменті ауаның ластану фактісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл өткен сайын Ақтөбе қаласының ластану индексі артып отыр. Мәселен, 2017 жылы ластану индексі 6 болса, 2018 жылы 7-ге көтерілді.

«Қазгидрометтің» Ақтөбе қаласындағы №2 бекетінде күкіртті сутегімен ластану деңгейі көтерілді. Мұнда шекті рауалы концентрат 12,3-ті құрады. Негізгі көздері - кәріз жүйелері, кәріз құдықтары мен кәріз суын сорғылау бекеттері. Экология департаменті тексеру жүргізіп, талаптарды орындамаған, ауаны ластаған 70 кәсіпорынның қызметін уақытша тоқтатты», - дейді облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша биыл қатты тұрмыстық қалдықтарды төгу полигондары толық бекітіліп болуы тиіс. Себебі, қазіргі күні облыс бойынша Мәртөк, Қобда, Байғанин аудандарында жобалық-сметалық құжат әзірленді. Ал Ойыл, Ырғыз, Әйтеке би аудандарындағы жұмыс биыл аяқталуы тиіс. Ал облыстағы Хромтау мен Алға аудандарынан өзге аудандарда кәріз суын шығаратын, тазартатын имараттар жоқ. Сондықтан лас су кез келген жерге төгіліп жатыр.  

 

 

Жоғары қарай