Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53

Ақтөбеде атты патруль үш жасөспірімді судан аман алып шықты

2018 жылдың 11 шілде 2018 22:00 564

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жағажайлар мен бау-бақша ұжымындағы қоғамдық тәртіпті бақылайтын атты патруль үш жасөспірімді құтқарды. Тыйым салынған аумаққа шомылған балаларды өзеннің ағысы алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде атты патруль шомылу маусымы басталған кезде күзетті күшейтті. Тұрғындар тыйым салынған жағалауда демалып, өз өміріне қауіп төндірген соң полиция аумақты мұқият шолып жүр. Сөйтіп Ақтөбеде тәртіп сақшылары үш жасөспірімді аман алып қалды.

«Ақтөбе қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясының атты патруль қызметкерлері Сүт зауыты ауданы маңындағы жағажайдың бірінде суға түсіп жүрген үш жасөспірімді байқайды. Бір мезетте оларды өзен ағысы алып кеткенін көрді. Полиция қызметкерлері дереу көмекке ұмтылды. Алдымен балаларды полиция сержанты Алмат Тоқтамысов алып шықты. Ол судан шыққан бойда жасөспірімді полиция сержанты Қуанышбек Файзоллаға табыстады. Суға қайта кіріп, екеуін де аман алып шықты»,- деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары балаларды ата-аналарына тапсырды.

 

 

Жоғары қарай