Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ақтөбеде 26 жолаушысы бар автобус аударылды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 12:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Ақтөбе қаласында жорлаушылар автобусы мен такси көлігі соқтығысты. Салдарынан 26 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, Ғ.Жұбанова мен Ө.Сейітов көшесінің қиылысында такис қызметіне тиесілі «Volkswagen Polo « көлігі мен №37 бағыттағы «ПАЗ» автобусы соғылды. Салдарынан жолаушылар көлігі аударылып, онда болған 26 адам (19 әйел, 7 ер адам) медициналық бригадалар мен патрульдік полицейлердің көмегімен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханаларына жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден көктайғақ кезінде жолда аса сақ болуға шақырады. Жылдамдық режімін қатаң сақтап, ара-қашықтықты ұстану қажет. Сондай-ақ жол ережелерін сақтауға, негізсіз маневрлер жасамауға және кенеттен тоқтамауға кеңес береді», - делінген ақпаратта.






Жоғары қарай