Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақтөбе полициясы зорлық жасап, адам өлтірген күдіктілерді іздеп жатыр

2019 жылдың 22 қазан 2019 16:21

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаменті іздеуде жүрген күдіктілердің фотосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

32 жастағы Талғат Жолдасбаев және 38 жастағы Асқар Нұрмағанбетов Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша күдікке ілігіп, іздеу жарияланды. Криминалдық полиция басқармасы олардың аты-жөні мен фотосын анық көрсетіп, кез келген ақпарат туралы хабар беруін сұрады.

«Күдіктілердің қай жерде екенін білетін адамдар 102, 936-225, 936-100 байланыс телефонына хабарласуына болады. Сонымен қатар 8 776-546-66-66, 8 701-380-80-30, 8 775-735-79-78, 8 776-765-2444 нөмірлері жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аса ауыр қылмыс жасаған күдікті Қанат Заировқа кісі өлтіріп, бір адамның өміріне қауіп төндіргені үшін халықаралық іздеу жарияланды. Ал 29 жастағы Айдар Ишниязов қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілікті. Бәрі де қазір халықаралық іздеуде жүр.




Жоғары қарай