Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Ақтөбе полицейлері бұзылып қалған автобустағы 50 өзбекстандықты құтқарды

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 13:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Самара – Шымкент» тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самара – Шымкент» тасжолы полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің бақылауына алынды. Патрульдік полиция қызметі жол жиегінде тұрған автобусты көріп, көмекке барды. Автобус бұзылған, дәнекерлеу жұмысы қажет болды.

«Автобус салонында 54 жолаушы болған. Оның 50-і - Өзбекстан, төртеуі - Тәжікстан азаматы және көлік жүргізушісі бар. Ресейдің Перьм қаласынан Өзбекстанға бет алған жолаушылар екен. Көлік бұзылған кезде бірнеше сағат жолда қалып, тоңған. Полиция барлық жолаушыны жақын маңдағы жанар-жағармай бекетіне жеткізіп, оларға ыстық шай ұсынды. Кейін дәнекерлеу құралын жеткізіп, автобусты жолға дайындады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, «Самара – Шымкент» бағатымен жүрген автобус Ырғыз ауданы маңында тағы бұзылып қалған. Жергілікті полиция қызметі көмекке барып, автобусты кемпингке жеткізді. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң қайта жолға шығып, жолаушы толы қоғамдық көлікті Қызылорда облысының аумағына дейін бақылады.

«Полиция үнемі жолда көмек көрсетіп жүр. Автобус жүргізушілері жолаушылардың өміріне селсоқ қарап, техникалық жағдайын назардан тыс қалдырады. Кейбір көлік иесі қарапайым су құйып, жолда қалып жатыр. Қыстың аязында бұл өте қауіпті», - деді Ерболат Сарқұлов.

Жоғары қарай