Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Ақтөбе облысында 300 мың теңге пара алған аудитор сотталды

2019 жылдың 19 маусым 2019 11:08 621

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары парақорлық қылмысы бойынша бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері бұдан бұрын облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Х.Үкібаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған болатын. Үкібаев осы жылдың наурыз айында білім саласындағы кешенді аудитте оң қорытынды жасап бергені үшін Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысынан 300 мың теңге пара алған», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Мұғалжар аудандық сотының үкімімен Х. Үкібаев 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымда еңбек ету құқығынан айырылды.

 

 

Жоғары қарай