Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтөбе облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы тағайындалды

2020 жылдың 16 ақпан 2020 11:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып Шәмшиев Алмас Әбжанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа басшыны жеке құрамға және облыс әкіміне ҚР ІІМ Қылмыстық атқару-жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Есқали Саламатов таныстырды.

«Алмас Абжанов орталық аппаратта Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде көп жылдар бойы еңбек етті. Ол Қылмыстық-атқару жүйесі саласымен жақсы таныс. Себебі. Бұл бағытта 20 жыл жұмыс істеген. Осы күнге дейін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін жауапкершілікпен атқарып келді», - деді Е.Саламатов.

Айта кетейік, 13 ақпан күні ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы Жанат Болатұлы Ешмағамбетов болды.

14 ақпанда 6 өңірде - Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ҚАЖ департаменттеріне жаңа басшылар тағайындалды.





Жоғары қарай