Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ақтөбе қаласының ортасындағы өзен құрғап кетті

2019 жылдың 21 мамыр 2019 19:13 666

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қаланың ортасымен ағып жатқан Сазды өзенінің арнасы құрғап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сазды өзенінің арнасы құрғап кетті. Сондықтан Сазды су қоймасы ашылып, өзен арнасын толтыру жұмысы басталды.

«Жылда су қоймасы толып, артылғаны қала ішіндегі арнаға келетін. Негізі 7 миллион текше метр су болуы керек, ал қазіргі кезде 2,8 миллион текше метр су бар. Айырмашылығы көрініп тұр. Яғни, су өз еркімен қала ішіне келмей қалды.  Сондықтан арнайы жіберіліп, су бау-бақшаға, гүл, көгалды суару үшін беріліп жатыр. Жақын күндері өзен арнасы да толады», - деді қаласы әкімі аппаратының әскери жұмылдыру жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев.


null 

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 2017 жылы су тасқыны болып, биыл 8 өзеннің арнасын тазарту жұмысы қолға алынды.

Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 



null 

 

Жоғары қарай