Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 335.05
EUR 395.12
RUB 5.66
CNY 50.64

«Aktobe Invest - 2017»: Ақтөбеде мұнай жабдықтарын шығаратын зауыт жұмысы таныстырылды

2017 жылдың 12 қазан 2017 21:34 593

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мұнай жабдықтарын шығаратын зауыт Қытай мен Ресейден тасымалданған құбырларды сынақтан өкізіп, өндіріске дайындап береді. «Aktobe Invest - 2017» форумына қатысушылар зауыттың алдағы жоспарларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ақтөбеде «Aktobe Invest - 2017» форумы өтіп жатыр. Форумға әлемнің 20 елінен 400-ге жуық адам қатысады. Халықарылық қаржы ұйымдары мен институттар, отандық және шетелдік кәсіпкерлердің, инвесторлардың басын қосқан форум кезінде 11 меморандумға қол қойылады деген жоспар бар. 



null

Бүгін форум қатысушылары Ақтөбедегі өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Олардың арасында көктемде іске қосылған Қазақстандағы мұнай жабдықтары зауыты бар. Мұнда диаметрі әртүрлі құбырлар тазартылып, сынамадан өткізіліп, дәнекерленіп, өндіріске дайындалады. Бұл мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік беретін құбырлар. Шикізат Қытай мен Ресейден тасымалданып жатыр.

«Зауыттағы құрал-жабдықтың бәрі Қытайдан әкелінді. Қазіргі уақытта 2400 тонна құбыр шығарылды. Биыл 5 мың тонна өнім шығару жоспары бар. Тең жартысы орындалды. Өндіріс сәуір айында ғана іске қосылған болатын. Алдағы уақытта қуаттылығы артады. Жалпы жылына 10-20 мың тонна құбыр шығаруға мүмкіндік бар. Құбырлар Қызылорда, Ақтау, Атырау облыстарына жөнелтіліп жатыр. Әзірге Ақтөбедегі мұнай өндіру зауыттарынан тапсырыс түспеді. Сатып алушылары құбырдың сапасы мен бағасына риза. Ақтөбеде бәсекелестік жоғары. Дегенмен бізде шығарылатын кейбір өнімдерімізде айырмашылық бар», - деді Қазақстандағы мұнай жабдықтары зауыты директорының орынбасары Данияр Лекеров.



null 

Мұнай жабдықтарын шығаратын кешенде жанар-жағармай, газға қажетті цистерналар жасалады. Сонымен қатар, вахталық ауылдарға арналған заманауи вагондар дайындалады.

«Вагон көлемі мен дизайнын тапсырыс берушілер айтады. Жобалық-сметалық құжаты дайын болған соң келісіммен вагон дайындалады. Қазір бұрғылау компаниясы тапсырыс берді. Сонымен қатар, бізде қалыңдығы 8-10 см болатын темірді қиятын, тесетін құрал бар. Жанар жағармай сақтайтын цистерналарға қажетті шикізаттың басым бөлігі жергілікті жерде бар. Ал кейбір жабдықтары Қытайдан әкелінеді. Бұл цистернада жаңбыр мен аязға төзімділігі жоғары арнайы құрылғы бар. Өндірістегі жабдықтың бәрі Қытайдан тасымалданған соң, біз жергілікті жұмысшыларды оқытуға кірістік. Алдағы уақытта тек қазақстандық жұмысшылар еңбек ететін болады», - деді Данияр Лекеров.

Ақтөбеге келген инвесторлар мен кәсіпкерлер мұнай өндірісіне қажетті құрылғы мен жабдықтар шығаратын зауыттың жұмысын жоғары бағалады.



null 

«Қаламқас пен Жетібай кен орнын игеріп отырған компания үшін Ақтөбедегі өндіріс орнында шығарылатын жабдық қажет. Форум аясында жаңа зауыттың жұмысымен танысып отырмыз. Бұл бізге өндірістегі қазақстандық үлесті арттыруға септегін тигізеді. Себебі, біз бұл жабдықтарды Ресейден алып отырмыз», - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Ильмұхамбетов.

Айта кетейік, Ақтөбедегі инвестициялық форумның негізгі жұмысы ертең басталады. Форум кезінде Ақтөбе өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері түсіндіріліп, өңірде атқарылып жатқан іргелі жұмыстар көрсетіледі.



null 

null 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай