Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 361.66
EUR 409.51
RUB 5.41
CNY 52.36

Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасарын күзетпен ұстау шарасы санкцияланды

2018 жылдың 17 мамыр 2018 20:05 1054

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық соты облыстық ІІД бастығының орынбасарын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары Алтай Аңшыбаев департаменттің жеке қауіпсіздік басқармасының тексеру жұмыстары кезінде ұсталған болатын. Ол құқық қорғау органының шаруашылық жұмыстарына жауапты болған. 

«Алтай Аңшыбаевты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап, 2 ай мерзімге қамауға алынсын»,- деді судья Алима Әділова.

Алдын ала тергеу материалына сүйенсек, 54 жастағы Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары Алтай Аңшыбаев басшылық қызметте болған 2015 жылдан бері заңсыздықтарға жол берді деген күдікке ілініп отыр.

 

 

Жоғары қарай