Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты

2019 жылдың 14 тамыз 2019 06:43

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық кәсіпкер балаларға спорт алаңын сыйға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13-шағынаудандағы 27-інші үйдің жанынан салынған жаңа спорт алаңы соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған. Мұнда бір мезетте 100-ге жуық бала спортпен шұғылданып, шеберліктерін шыңдай алады. Балалар енді ойындарын өз алаңдарында өткізетініне қуанышты.

Ашылу салтанатынан соң футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Айта кетейік, Ақтауда 109 спорт алаңы бар. Оның 66-сына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Кәсіпкерге алғысымызды білдіремін. Осындай мәрт азаматтардың арқасында қалада ел игілігі үшін ашылған нысандар саны арта берсін. Биылғы жылы әкімдік тарапынан көптеген спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Балалар өте қуанышты», - дейді Ақтау қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Қанат Жұмабаев.


Жоғары қарай