Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Ақтаудың әр тұрғыны жылына 300 келі қоқыс шығарады

2019 жылдың 14 қараша 2019 06:29

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қаланың әрбір тұрғыны жылына шамамен 300 келі тұрмыстық қатты қалдықтар шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 75% тамақ қалдықтары, шыны, қағаз бен картонды құрайды. Жалпы, қоқыс қабылдау полигонына ай сайын 2 400 м3 жуық қоқыс жиналады.

«Жалпы, қалада қоқыс жинайтын 11 мекеме бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарын 85% «Каспий Оперейтинг» ЖШС тазалайды. Ал, биыл тазалықты қамтамасыз ету жұмысына «Тазалық» МКК-мен 439 млн теңгеге келісімшарт жасалды»,-дейді қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.

Жоғары қарай