Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.09
EUR 426.71
RUB 5.72
CNY 55.99

Ақтауда жер кезегінде тұрғандарға үй салынып берілмек

2019 жылдың 10 қаңтар 2019 22:43 710

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласынан жер алуға кезекте тұрған азаматтарға «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында арнайы үйлер салынып, ұсынылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағанбетовтың айтуы бойынша Ақтау қаласынан жер алуға кезекте тұрған 70 мыңнан астам тұрғын үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Ақшұқыр, Сайын ауылдарының шығыс бетінен типтік жобадағы үйлер салынып ұсынылатын болады.

Ақтау қаласының бас жоспарында жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі қаралмағандықтан бұл мәселе осылай шешілмекші. Тұрғындарға ұсынылатын үйлердің шаршы метрі 120 мың  теңгеге бағаланады.

Жалпы Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 5 228,0 мың гектар, елді мекен жерлері 1 098,0 мың гектар, Өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатынан басқа жерлер - 245,4 мың гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және емдеу-сауықтыру мақсатындағы жерлер - 223,4 мың гектар, орман қоры жерлері - 253,2 мың гектар, босалқы жер - 9501,9 мың гектарды құрайды.

 

 

Жоғары қарай