Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ақтауда жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

2020 жылдың 26 наурыз 2020 14:38

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн сайын жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен қаладағы нысандар залалсыздандырылуда. Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді.

Алғашқы жұмыстар теңіз жағалауында адамдар көп жүретін аумағында жүргізілді.

«Жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз», - деді әкімдіктен.





Жоғары қарай