Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақтауда үйінің терезесінен оқ атқан ер адам ұсталды

2019 жылдың 18 сәуір 2019 20:16 772

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда полиция қызметкерлері терезесінен көшеге оқ атқан ер адамды тауып, үйінен қару-жарақтарды тәркіледі. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау тұрғынының балконда тұрып көшеге оқ атқан әрекетін жанындағы өзге адам видеоға түсірген. Кейін ол ақтаулықтың Инстаграмдаға жеке парақшасында жүктеліп, оған: «Көңіл-күйің нашар болғанда, ішіңдегіні осылай шығару керек», - деген жазба қалдырылған.

Облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 16 сәуір күні сағат 21:45-те 32Б шағынауданында болған.

«Үйін тінту кезінде патрондары бос Калашников автоматы, жарық және дыбыстық сүйемелдеуі бар Макаров тапаншасы, пневматикалық винтовка табылып, тəркіленді. Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде», - деді департаменттен.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі 5 мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуды, болмаса бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді. 

 

Жоғары қарай