Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ақтауда суға кеткен баланың денесі алты күннен соң табылды

2019 жылдың 11 шілде 2019 21:07

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 5 шілде күні суға кеткен ағайындылардың екіншісі 10 жасар баланың мәйіті табылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің xабарлауынша, іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер баланың мәйітін «Шора» каналынан 50 метр қашықтықта бүгін кешкі сағат 19.20 шамасында тапқан.

2009 жылы туған Әбуғали Еркебұланды іздеу жұмыстарына Төтенше жағдай департаментінен 13 құтқарушы, 3 іздеу құралдары мен 2 техника, 9 ерікті жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, 5 шілде күні Ақтау қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан «Шорай» каналына екі ағайынды жігіт кетіп, қайта оралмағанын жазған едік. 25 жастағы Серік Толбайдың денесі кеше табылды.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай