Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 364.95
EUR 416.99
RUB 5.55
CNY 52.58

Ақтауда контрабандалық жолмен жеткізілген 8 622 500 қорап темекі тәркіленді

2018 жылдың 18 маусым 2018 21:42 921

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы өнеркәсіптік аймақтағы қоймалардың бірінен 17 245 қорап контрабандалық темекі табылып, тәркіленді,-деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 маусым күні шамамен сағат 11.40-та ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы Промзона базасындағы қойма орнының бірін жедел-іздестіру шарасы кезінде анықтаған.

Атап айтсақ, «Платинум», «Каптэйн Блэк», «Омега», «Омега блэк», «Омега Эко Ментол», «Аризона», «Омега аква блю», «Платинум премиум», «Платинум Нано», «Манчестер», «Оскар», «Мак Экстра», «Мак Блэк», «Оскар рэд», «Манчестер блю» сияқты шетелдік маркідегі темекі түрлері ешбір акцизді маркасыз және құжатсыз сақталған.

Бір қорапта 500-ден темекі бумасы болған. Жалпы, темекі бумасының жалпы саны - 8 622 500.

Аталған дерек 13.06.2018 ж. ҚР ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігі (экономикалық контрабанда) бойынша СДТБТ-не тіркелді.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 186 бабына сәйкес, қылмыстық іс Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметіне берілетін болады.



null

 

Жоғары қарай