Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан туысқан ағасы болып шықты

2019 жылдың 19 сәуір 2019 13:23 1137

 АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ол көліктен түсіп үлгермеген кішкентай қызды итеріп, құлатып жібереді. Осы оқиғаны көшеде белгісіз біреу түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның кім екені анықталған. Ол оқушының туысқан ағасы болып шықты. Азамат құзырлы органға өз қылығын түсіндірген. Ешқандай арыз-шағым түспегендіктен іс қозғалмады.

 

Автор: Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай