Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Ақтауда қаланың 55 жылдығына орай көрме ашылды

2018 жылдың 22 қыркүйек 2018 22:51 373

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Салтанатты жиын Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжановтың қатысуымен Абай атындағы Мәдениет үйінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасап.

Үлкен залға кірмес бұрын қала тұрғындарының назарына тарихи құжаттардан жасалған кішігірім көрме ұсынылды. Олар облыстың және Қазақстант Республикасы Президентінің мұрағатынан алынған. Жанында картиналарында туған қалаларын бейнелеген жергілікті суретшілердің туындыларынан фотокөрме орналасты.

«Маңғыстау Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізінің маңызды құрамдас бөлігіне айналған Қазақстан-Түрікменстан-Иран бағыты бойынша теміржол желісі орнатылған көлік-логистикалық орталыққа және Батыс Қытай-Батыс Еуропа бағыты бойынша құрлықтық тікелей жүк көліктік тасымалды орындауға арналған паромдық мақсаттағы Ақтау және Қорық теңіз порттары арқылы орнайтын маңызды байланыс жолына айналды.  Биыл Каспий маңы елдерінің басшылары саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін бекіту туралы тарихи құжатқа қол қойылды. Осының арқасында Ақтау жаңа мәртебеге ие болып, саяси аренадағы орнын тапты», - деді Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тұғжанов.

Дәл осы шарада Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов өңірдің 13 тұрғынын «Ақтау қаласының құрметті азаматы» төсбелгілерімен марапаттады.

Еске салайық, аталмыш шешім қалалық мәслихаттың 19-шы сессиясы мен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысында қабылданған еді.

Салтанатты бөлімі Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен жалғасты.

 

 

Басты сөздер: Мәдениет, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай