Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Ақтауда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 12:47

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы аумағында көптен бері синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 09: 30-да Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде Алматы қаласының тумасы екі ер адамды ұстаған.

«Тінту кезінде олардан жалпы салмағы жарты келіге жуық 240 дана шағынй пакеттерге салынған синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-химиялық сараптама тағайындалды»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай