Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Ақша салған сөмкені ұрлаған атыраулық ұсталды

2019 жылдың 19 мамыр 2019 11:50 1273

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ұлттық ұлан жауынгерлері Атырауда кісі тонаушының ізін суытпай қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 мамыр күні сағат 22.00 шамасында болды.

Үйіне қайтып келе жатқан қызға біреу шабуыл жасап, ақшасы мен құжаты салынған сөмкесін тартып алып кеткен.

Бұл кезде 5546-әскери  бөлімнің жауынгерлері ел тыныштығын күзетіп жүрген-ді. Сол маңда жүрген құрамында лейтенант Нұрсұлтан Жүсіп, қатардағы жауынгерлер Асылбек Спабек және Акбар Абдуллаев бар топ тонаушының ізіне түседі. Көп ұзамай-ақ қашып құтылмақ болған жас жігітті қолға түсіреді.

Полиция бөліміне жеткізілген күдіктіден куәгерлердің көзінше сөмке тәркіленді. Оның ішінде құжат, ақшадан басқа банк картасы да бар екен. Сөмке бойжеткенге қайтарылды.

Тез де батыл әрекеттері үшін аталған жауынгерлер бөлім командирімен ынталандырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ұлттық ұлан жауынгерлерінің Атырауда бекіре тұқымдас балықпен жүк көлігін ұстағанын жазған болатынбыз.

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай