Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

АҚШ-тың білікті мамандары түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты

2019 жылдың 14 қараша 2019 23:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тан келген білікті мамандар Түркістан облысының дәрігерлерімен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі ел дәрігерлерінің тәжірибе алмасу сабақтары №2-ші облыстық перинаталдық орталығы мен Ордабасы аудандық аурухана базасында өтті.

Шетелдік мамандар науқастың жүрек қағысын қалпында ұстап, дер кезінде дәрігерлік көмек беру жолдарын көрсетті. Өз тәжірибесімен бөліскен дәрігерлердің бірі әрі танымал сарапшы II Ричард Чарльс Уилкинсон өңірге осымен екінші рет келіп отыр.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының шақыртуымен келген кәсіби маман әрі үздік жаттықтырушы жедел және жетілдірілген тактикалық шұғыл медициналық көмек саласындағы әдіс-тәсілдерін үйретті. Мәселен, жүрек тоқтап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда дереу құтқарып қалу медицина қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік саналады.

Өз кезегінде кәсіби біліктіліктерін арттырған түркістандық дәрігерлер шетелдік әріптестеріне алғыстарын білдірді. Оларға семинарға қатысқандарын растайтын сертификаттар табысталды.













Жоғары қарай