Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

АҚШ-тан келген маман түркістандық дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізді

2019 жылдың 15 мамыр 2019 00:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тан келген үздік маман Ричард Чарльз елімізде тұңғыш рет тәжірибесімен бөлісті. Шетелдік маман Түркістан облысының дәрігерлеріне қиын жағдайда түскен науқастарға шұғыл көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың арнайы шақыртуымен келген кәсіби маман Алабама штатында жедел медициналық, жетілдірілген және тактикалық шұғыл медициналық көмек саласында қызмет көрсетеді. Ол Түркістан қаласының емханасында америкалық BLS, ALSD технологиясы бойынша сабақ өтті. Өңірдің фельдшерлері мен медбикелеріне, реаниматологтары мен ЖТД дәрігерлеріне бұрын соңды болмаған мүмкіндіктерді көрсетті.

«Бүгінгі таңда алғашқы медициналық көмек көрсету адам өмірін құтқаруда басты рөлге ие. Шетелдік маман біздің дәрігерлерімізге бұл технологияны соңғы халықаралық стандарттар бойынша оқытатын болады. Яғни, қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша біздің дәрігерлеріміздің кәсіби деңгейі одан да жоғары болады деген сөз», - дейді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова.

Ричард Чарльз аты әлемге әйгілі фельдшер, реаниматолог, халықаралық деңгейдегі нұсқаушы және жаттықтырушы. Ол Алабама штатында медициналық көмек корпорациясында жұмыс істейді. 22 жылдан астам уақыт ішінде доктор АҚШ-тан тыс елдерде бірнеше шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. Бұл жолы дәрігер құрлық аспас бұрын, қазақ ұлтының әдет-ғұрпы мен ерекшеліктері жайлы сұрастырып, білген. Сапары аясында ол жергілікті дәрігерлерге әртүрлі медициналық муляждарды сыйға тартты.

«Қазақстанға алғаш рет келдім. Түркістан маған қатты ұнады. Тарихи ескерткіштерге бай, көне шаһарлары бар сіздің халық бақытты екен. Ата-баба рухын сезіне алатындай осындай тамаша аймақта тұрып жатқан халықтың жолы болғыш деп ойлаймын. Мені дәрігерлердің кәсібилік деңгейі де қуантты. Басты мақсатым - мейлінше көп маманға адам өмірін сақтауды үйрету», - дейді Ричард Чарльз.




null




null

Жоғары қарай