Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

АҚШ-та лотереядан $2 млн ұтқан белгісіз біреу ақшаны алуға келмеген

2019 жылдың 30 сәуір 2019 12:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу техастық Quick Pick лотереясынан 2 млн доллар ұтқан. Бірақ ол ақшаны алуға келмеген, деп хабарлайды CNN телеарнасы.

Белгісіз біреу 2018 жылдың 27 қазанында Колледж-Стейшн қалашығында лотерея билетін сатып алып, ұтысқа кенелген. Бірақ, ұйымдастырушылармен уақтылы байланысқа шықпаған.

Ережеге сәйкес, билеттің иесі 180 күннің ішінде ұтысын алып кетуге келмесе, ақша мемлекетке қайтарылады.

Тек, әскери қызметшілердің кейбір топтарына ғана қосымша уақыт беріледі. Ақша иесі әлі табылған жоқ, ал уақыт аз қалды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай