Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

АҚШ коронавирус ең көп тараған елдер арасында үшінші орынға шықты

2020 жылдың 22 наурыз 2020 20:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары коронавирус індетін жұқтырғандары ең көп әлемдегі үш елдің қатарына қосылды.

Мұндай деректі ел билігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және өзге де ресми дереккөздердің мәліметтеріне сүйене отырып, шынайы жағдайға есеп жүргізіп отырған Джонс Хопкинс университеті келтіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған университеттің деректеріне сәйкес, Қытайда коронавирус жұқтырудың 81 321 оқиғасы тіркелген. Бұл ретте 3 260 адам қаза тауып, 71 862 адам жазылып шыққан.

Италияда вирус жұқтырғандар саны - 53 578 адам. Оның ішінде 4 825 адам көз жұмса, жазылып шыққаны қазіргі уақытта 6 072 адам ғана. Ал АҚШ-та осы уақытта 25 493 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр. Қаза тапқандар саны - 307, емделгендері - 171 адам. Құрама Штаттардан кейінгі вирус ең көп тараған елдердің қатарында Испания (25,3 мың), Германия (22,2 мың) және Иран (20,6 мың) мемлекеттері тұр.

Жалпы, аталған университеттің мәліметтеріне сәйкес, бүгінде әлемде 304,5 мың адам коронавирус жұқтырғаны белгілі. Дәл осы вирустан қайтыс болғандардың саны 13 мыңға жуықтап қалды. Ал вирустан сауыққандардың саны 91,6 мыңнан асып жығылады.


Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Медицина,
Жоғары қарай